Ақтөбеде тағы бірнеше жол жабылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе - Атырау, Самара - Шымкент тасжолдарының бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Самара - Шымкент тасжолының 773-965 шақырымы аралығы, яғни, Ақтөбе қаласы маңындағы Бекқұл баба ауылынан Қарабұтақ ауылына дейін, Құршасай ауылынан Қобда ауданы орталығына дейін жабылды. Жел күшейіп, боран соғып тұр.

«Сағат 19:00-ден бастап Ақтөбе - Атырау - Астрахань тасжолының Ақтөбе - Қандыағаш қалалары аралығы жабылды. Сонымен қатар Ақтөбе - Болгарка - Шұбарқұдық, Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз жолына уақытша шектеу қойылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін Порковка - Темір - Кеңқияқ - Ембі жолы жабылды.