АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде такси жүргізушісі 12 жастағы қызды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Ақтөбе қаласындағы 12-шағынауданда болды. Қыз бала жолдан өтіп бара жатқанда оны көлік қағып, жүргізуші тоқтамастан қашып кеткен. Оқушы ауруханаға түсті.
«Полиция қызметкерлері жедел қимылдап, көлік жүрзушісін ұстау операциясын ұйымдастырды. 59 жастағы такси жүргізушісі қолға түсті. Сараптама жасалып, жүргізушінің ішімдік ішпегені анықталды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.