АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша вакцина салдыруға қабілетті тұрғындардың тең жартысы иммундау шарасына қатысты. Қазіргі кезде теміржол вокзалы, әуежай мен сауда-ойын-сауық кешенінде вакцинациялау пункті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы бойынша барлығы 522 мыңнан астам адам вакцина салдыруға қабілетті. Қазіргі кезде 305 мыңнан астамы бірінші, ал 252 мыңы екі компонентін де салдырды.
«Қазіргі кезде вакцина салдыратын адамдардың тең жартысына жуығы иммундалды. Қазіргі кезде барлық емханада вакцинациялау пункті бар. Сонымен бірге теміржол вокзалы, әуежай мен «Керуен» сауда-ойын-сауық орталығында вакцинациялау пункті ашылды. Үшеуінде сағат 9:00-18:00 аралығында дәрігерлер жұмыс істейді»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.