Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 12 қараша күні қашып кеткен күдіктілерді іздестірді. Олар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тергеу изоляторына жеткізілгенімен, бой тасалап үлгерген. Бұл деректі полиция растады.
- Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған адамдарды ұстады. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес қылмыстық істі тергеу шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды,- деді облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Әзірге күдіктілердің қалай қашып кеткені айтылмады. Тіпті оларға жауапты қызметкерлерге қандай жаза тағайындалғаны белгісіз.