Ақтөбе қалалық сотында терроризмді насихаттаған екі күзетшіге қатысты қылмыстық іс қаралды. Іс материалдарына сүйенсек, Азамат Баймурзин пен Қуанышбек Жайлаубаев терроризмді насихаттап, Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың идеяларын таратып келген. Сот отырысы кезінде сотталушылар тағылған айыпты ішінара мойындады.
«Қуанышбек Жайлаубаев Қуанышбек ҚР Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігімен қаралған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтесін. Азамат Баймурзин кінәлі деп танылып, оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу тағайындалсын», - деді судья Теміржан Алданов.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.