АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Батыс-2 және Оңтүстік Батыс ауданында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Терроризмге қарсы күрес штабы Ақтөбе қаласының Батыс-2 және Оңтүстік Батыс аудандарында оқу-жаттығу өткізеді. Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу кезінде мемлекеттік органдардың дайындық деңгейі пысықталады. Кезекті жаттығу кезінде тұрғындардың жалған ақпарат таратпауын, сабырлылық сақтауын сұраймыз»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында бұған дейін де оқу-жаттығу өтті .
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.