Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбековтің өзі еліміздің басқа аймақтарындағы кездесулерін жалғастырып жатыр. Жуырда ғана Орал маңындағы шаруа қожалықтарын аралап, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Енді Батыстағы басқа өңірлерге де ат басын бұрады деген ақпарат бар.
Айта кетейік, ҚР Президенті сайлауы 9 маусы күні өтеді. Оған 7 кандидат тіркелген.