Ақтөбеде түнгі клуб клиенттері полицейлерден жасырынып қалды
Оқиға 9 қазан күні сағат 02:19-да болды. Полициясының 102 нөміріне Есет батыр көшесінде орналасқан түнгі клубтардың бірі карантин режимін бұзағаны туралы хабарлама түсті.
«Көрсетілген мекенжайға жедел-тергеу тобы, патрульдік полиция қызметкерлері және ЖҚА Жарнайы жасағының жауынгерлері жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин ережесінің сақталмағаны анықталды. Барлығы бейнебақылау камерасына тіркелді. Полицейлер келген соң келушілер қосалқы бөлмеге жасырынып қалған. Аталған түнгі клубтан полиция бөліміне 8 адам жеткізілді, олардан жазбаша түрде жауап алынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша хаттама толтырылып, әкімшілік жауапқа тарту үшін Ақтөбе қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.