АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде мейрамхана шектеу шарасын ескермей, түні бойы жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Полицияға Ғазиза Жұбанова көшесіндегі мейрамхананың түні бойы жұмыс істеп тұрғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, патруль полиция қызметкерлері және арнайы жасақ жауынгерлері жіберілді.
Залда және арнайы бөлмелерде 20-ға жуық демалушы болған.
«Полиция қызметкерлері мейрамхана әкімшісі қатысты материал жинап, қалалық тауарлар мен көрсетілітін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.