АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында кішкентай қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде ер адам кішкентай қызға кәмпит беріп, оны зорламақ болған жерінен ұсталды. Бұл оқиғаға тұрғындар куәгер болып, №30 басқарушы компанияның қызметкері бәрін әлеуметтік желіге жариялаған.
«Оқиға бүгін болды. Біздің компания «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында тазалық жұмыстарын жүргізеді. Сол кезде ұстап алған», - деп хабарлады №30 компаниясының диспетчер қызметі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.