Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, облыстық мәслихатта 34, Ақтөбе қалалық мәслихатында 30, ал аудандық мәслихаттарда 139 мандат болады.
— Облыстық мәслихат депутаттары аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50%-ы партиялық тізім, ал қалған 50%-ы бір мандатты аумақтық сайлау округтерінен, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтерінен сайланады. Облыста 185 округтік сайлау комиссиясы жұмыс істеп тұр. Кандидаттарды ұсыну аяқталып, тіркеу жалғасып жатыр. Тіркеу 1 қарашада сағат 18:00–де аяқталады, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.
Айта кетейік, Қызылорда облысында 29 қарашаға белгіленген кезектен тыс мәслихаттар сайлауында облыстық, қалалық және аудандық деңгейде 152 депутат сайланады.