ҚР «Сайлау туралы» Заңына сәйкес жыл сайын наурыз және қазан айларының соңғы жексенбісінде шығып қалған депутаттардың орнын толықтыру үшін сайлау өтеді. Ақтөбеде түрлі деңгейдегі мәслихаттың 10 депутатының орны бос тұр.
— Ақтөбе қалалық мәслихатының екі депутаты және 6 ауданда 8 депутаттың орны бар. Олар Қарғалы ауданынан 1, Ырғыздан 1, Байғаниннен 1, Шалқар мен Хромтаудан 2 депутат және Ойылда 1 депутат орны. Кандидаттарды ұсыну бүгін басталып, 25-қыркүйек сағат 18:00–ге дейін жалғасады. Тіркеу 30-қыркүйек күні сағат 18:00–де аяқталады. Содан кейін 25-қазан сағат 00:00–ге дейін үгіт-насихат жүргізіледі. Сайлауды өткізуге 7 аумақтық, 10 округтік және 31 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылады, — деді Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Асылжан Бүркіталин. Оның айтуынша, депутаттардың бірі көшіп кетсе, екіншісі мемлекетке қызметке орналасқан.
Сондай-ақ 5-қазан күні Әйтеке би ауданы Жабасақ ауылдық округінде әкім сайлауы өтеді. Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 28-тамызда басталады.
Айта кетейік, шілдеде Ақтөбеде 19 ауылдық округ және бір ауыл әкімі сайланды.