АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Хромтау қаласынан Ақтөбеге бет алған жүргізуші түйені қағып кетті. Ол жабық бас-ми жарақатымен аурухағана түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Самара-Шымкент тасжолының 744 шақырымында болды. «УАЗ-390945-440» көлігін жүргізіп келе жатқан жүргізуші жолды кесіп өтпек болған түйені көрген кезде шұғыл тоқтап үлгермеген. Нәтижесінде түйені қағып кетіп, өзі жараланды.
«Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушінің оң аяғы жараланып, миы шайқалды. Ол жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ал түйе тірі, оны иесі алып кетті», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.