Ақтөбеде Ұлттық ұлан жауынгерлері 1,2 млн теңгенің заңсыз тасымалдануына тосқауыл қойды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында Ұлттық ұлан жауынгерлері 1,2 млн теңгенің заңсыз тасымалдануына тосқауыл қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 31 мамыр күні сағат 12.00 шамасында УГ 168/2 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіндегі бақылау бекетінде 6655-әскери бөлімінің қызметкерлері, кіші сержант Рахат Әлібеков, қарауыл бастығының кинологиялық қызмет жөніндегі көмекшісі, сержант Талғат Елубаев және қатардағы жауынгер Полихрон Другов «МАН 19240» жүк көлігін тексеру кезінде  кабинадан DVD таспасына арналған панельдің астынан 1,2 млн теңге тапқан.

Тыйым салынған затты тәркілеу туралы бірлескен акт түзіліп, түзету мекемесінің қызметкерлеріне тапсырылды. Сол бойда оқиға орнына Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы шақырылды.

Қырағылығы үшін аталған жауынгерлерді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы ынталандырды.