АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Байғанин ауданының Ноғайты ауылында «Урал» мотоциклі аударылып, 43 жастағы тұрғын көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Байғанин ауданы Ноғайты ауылының 43 жастағы тұрғыны «Урал» мотоциклімен мал іздеуге шыққан. Ол рульге ие бола алмай, оң жағына аударылған.
«Көптеген ауыр дене жарақатымен ер адам Байғанин ауданының орталық ауруханасына жеткізілгенімен, көз жұмды. Аталған факті негізінде Қылмыстық кодекстің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.