Ақтөбе қаласы Әкімжанов көшесіндегі үйлердің бірініне белгісіз біреу ұрлыққа түсті.
Полиция іздестіру кезінде 24 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Шығынның жалпы көлемі - 800 мың теңге.
«Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша тергеу басталды. Бұл қылмыс иісшіл иттің көмегімен ашылды. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында 453 пәтер ұрлығы тіркеліп, оның 238-і ашылды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті дабыл жүйелерін орнату арқылы сақтықты күшейтуді сұрайды»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.