Ақтөбеде үш адам мерт болған жол апатына қатысты қылмыстық іс қысқартылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде жеңіл көлік пен ГАЗель соқтығысып, үш адам мерт болған еді. Полиция жол апатынан кейін тергеу жүргізіп, сотқа жеткізгенімен, іс қысқартылды.

Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Ақтөбе-Атырау тасжолында болған жол-көлік апатынан соң Қылмыстық кодекстің 345 бабы 4 бөлігімен іс қозғалып, тергеу жүрді. Арада екі ай өткенде іс Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түсті. 

— Іс сотқа түсіп, судья тағайындалды. Алайда сотталушының қайтыс болуына байланысты іс тоқтатылды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, тамыз айында Ақтөбе — Атырау тасжолының Алға ауданы аумағында «ВАЗ-2115» және «ГАЗель» автокөліктері соқтығысты. «ВАЗ-2115» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды. Оның біреуі жасөспірім.