Ақтөбе қаласы Құрылысшы, Домбыра, Энергетик бау-бақша ұжымдарында әртүрлі уақытта жарық сөнді. Тұрғындар содан бері жылыту құрылғысын қосу мүмкін болмай, бала мен үлкендерге қиынға соққанын айтып, жол бойына жиналды. Оқиға орнына Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен полиция барды.
- Бұл бау-бақша ұжымдарының электр желісі жеке. Бәрі бір желіге қосылған, сондықтан көтере алмай, сөнеді. Жақында олардың желісін екіге бөлу жұмыстары басталды. Яғни, біреуінің жүгін азайту үшін екі желіге бөлінеді. Сол жұмыстарды жасап жатқанда жарық сөніп қалды. Адамдар осы аралықта көшеге шықты. Қазір үш бригада істеп жатыр. Жарықты көп ұзамай қосады. Қала әкімі барып, кездесіп, тұрғындар тарады,- деді Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Айгүл Байменова.