Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, жүргізуші көз жұмды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Жол-көлік оқиғасы бүгін түсте тіркелді. Көлік ішінде болған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Фото: видеодан алынған скрин

Жол-көлік оқиғасы Самара-Шымкент тасжолының Хромтау ауданы Ақжар ауылы маңында болды. Жолда «Nissan X-Trail», «Hyundai Getz» және «Lexus LX 470» автокөліктері соқтығысты. Қазір бұл жолдың бір бөлігіне жөндеу жұмысы жүргізіліп, қолданысқа берілді. Көліктер дәл осы аралықта соқтығысқан. 

— Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Hyundai Getz» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Осы автокөлікте болған екі жолаушы Хромтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе-Атырау бағытының Қандыағаш қаласы маңында Toyota Camry автокөліктері соқтығысты. Жол апатынан алты адам опат болды