АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 30 жастағы ана табиғи жолмен өмірге үшем әкелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас анаға кесір тілігі жасалған. Екі қыздың салмағы 1,9 және 2,1 келі, ұлдың салмағы 2,4 келі болды.
Сәбилер мен анасы облыстық перинаталдық орталықта 14 күн дәрігерлердің бақылауында болып, үйге шығарылды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.