АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында үй өртініп, 81 жастағы қарттың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы Заречный-4 елді мекенінде үй өртенді.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінен 33 адам және 9 техника жіберілді.
Ағаштан салынған үй толық жанып кеткен.
Жалын шарпыған аумақ 200 шаршы метрді құрады.
«Өрт кезінде үйдің шатыры мен қабырғасы құлады. Үйінді астынан 1939 жылы туған үй иесінің денесі табылып, марқұмның туысына психологиялық көмек көрсетілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.