Ақтөбе облысы бойынша бір тәулікте 4129 адам вакцина салдырды. Оның 2474-і бірінші, ал 1655-і екі компонентін де қабылдады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге дейін 204 744 адам бірінші компонентті алды.
Бұл - вакцина қабылдауы тиіс өңір тұрғындарының 44,51 пайызы.
Қазіргі кезде медицина қызметкерлерінің 91, ал білім саласы қызметкерлерінің 68 пайызға жуығы иммундау шарасына қатысты.
Сонымен бірге созылмалы дерті бар адамдар, студенттер де екпе қабылдап жатыр. Ал полиция қызметкерлері түгел вакцина салдырды.
«Қазір өңірдің 77 978 тұрғыны, яғни, вакцинациялауға жататын адамдардың 16,95 пайызы иммундалды. Адамдар арасында вакцинадан кейін кері әсер алған ешкім болмады»,- деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.