АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы бойынша 1 мың медицина қызметкері вакцина қабылдайды. Қазір екпені жеткізу жұмысы пысықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысында вакциналау жұмысына дайындық жүріп жатыр.
«Қазір Ақтөбе облысы «жасыл» аймақта тұр. Ресейлік вакцина Ақтөбе облысына шамамен ақпан айының орта тұсында әкелінеді. Алдымен 1 мың медицина қызметкері қабылдайды. Қазір жеткізу жұмысына дайындық жүріп жатыр. Аудандарға да тасымалданады. Тоңазытқыш та дайындалады. Жоспар бойынша Ақтөбе қаласын алдымен қамтимыз», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.
Айта кетейік, облыс бойынша барлығы 25 емдеу орнында вакцина салу ұйымдастырылады.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.