Ақтөбеде жәдел жәрдем шақырғандар саны 4 есе азайды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде соңғы аптада өкпе қабынуы дертімен ауруханаға түскендер саны азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша провизорлық стационарларда 1600 адам өкпе қабынуы дертінен ем қабылдап жатыр. Қосымша 1200-ден астам кереует дайын тұр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманованың айтуынша, осы айдың алғашқы онкүндігінде тәулігіне 200-250 адам ауруханаға жатқызылса, бүгінде 50-60 адам түседі.

«Жедел жәрдем шақыру 4-5 есеге азайды. Бұл жақсы көрсеткіш. Карантин ережесін сақтағандықтан осындай нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Адамдар маска тағып, қорғанып жүруді әдетке айналдырды», - деді Светлана Есенаманова.

Айта кетейік, Ақтөбедегі провизорлық орталықтарда дәрі-дәрмектің 20 күндік қоры бар. Қазіргі уақытта гуманитарлық көмек те жеткізіліп жатыр.