Әдетте 36 бригада қызмет көрсететін. Жыл сайын мереке күні шақыртулар көбейеді. Осы ретте дәрігерлер де кезекшілікке шығуға мәжбүр. Фельдшер Азамат Закенов мереке күндері кезекшілікке шықты. Айтуынша, осында еңбек еткен 6 жыл ішінде біраз мейрамды жұмыста өткізген. Дегенмен бұл мамандықты таңдағанына өкінген емес. Сырқат жаңға пайдам тисе болғаны дейді. Рас, мереке күндері шақыртулар күрт көбейеді. Азаматтың бригадасы бәріне дайын. Су жаңа көлік, қажетті дәрі-дәрмек бар.
«Жұрт мейрамды тойлап жатқанда біз жұмыста боламыз. Оған әбден үйреніп алғанбыз. Жұмыстың аты жұмыс. Арқаны кеңге салуға болмайды. Әсіресе, біздің қызметтің жауапкершілігі өте жоғары. Жаны қысылған жан бізді күтеді. Дәрігер ретінде бір тілегім, тұрғындар қауіпсіздік жағын ойласа екен. Ащы суды да ішпеген дұрыс», - дейді жедел жәрдем қызметінің фельдшері Азамат Закенов.
Дәрігерлердің айтуынша, мереке күндердің қиындығы аз емес. Көшеде көлік көбейіп, тез жетуге кедергі болып жатады. Қаланың жаңа аудандарында мекенжайды табу қиын. Көңіл қуантатыны, ащы судан улану дерегі азайған. Қысқасы, мерекелік қарбалас қызметке де әсерін тигізеді. Дегенмен сырқатқа дер кезінде жету - дәрігерлердің міндеті. Бұл қызметке әдетте тәулігіне 3000 шақырту түсетін болса, мейрам күндері 5000-ға дейін қоңырау болады.
«Біздің дәрігерлік міндетіміз. Егер керек болса, тағы бригада қосамыз. Ауа райына байланысты жарақат алып жатқандар көп», - деп атап өтті жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері Марат Жанқұлов.
Жаңа жыл мерекесінде 20 дәрігер, 20 фельдшер кезекшілікке шығады. 40 көлік дайын тұр. Колл-орталық күндіз-түні қызмет етеді. Қызметкерлердің мерекелік көңіл күйін көтеру үшін арнайы шаралар ұйымдастырылған.
Ақтөбедегі су жаңа жедел жәрдем стансасының ашылғанына бір жыл болған жоқ. Шетелдік инвесторлардың сенімгерлік басқаруына берілгелі көлік паркі жаңғыртылды. Жаңа ғимарат салынып, колл орталық ашылды. 5 қосалқы станса жұмыс істеп тұр. 2019 жылы тағы 2 станса пайдалануға беріледі.