Облыстық сот баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнұр Симатованың сөзіне қарағанда, бұрынғы әкім аса ірі көлемде пара алды деп айыпталуда. Ол 2011 жылдың наурыз-сәуір айында өз кабинетінде 2010 жылдың наурыз-сәуірінен бастап Жаңаөзен қаласында салына бастаған 200 пәтерлік үйдің құрылысына көмектескені үшін «ӨзенҚұрылыс» ЖШС-нің басшысынан 6 млн. теңге мөлшерінде пара алған. (ҚК-нің 311 бабы, 5 бөлімі).
2011 жылдың қараша-желтоқсан айында әкім ЖШС-нің басшысынан 100 мың доллар мөлшерінде пара мен келінінің атына дүкен салып беруді талап еткен. Сол күні қаражаттың жартысы берілді. «ӨзенҚұрылыс» ЖШС 8,9 млн. теңгеге әкімнің келініА. Жаңбыршинаның атына дүкен салып берген. Осылайша О. Сарбөпеев ҚР ҚК-нің 311 бабы, 5 бөлімі және 24 бабы, 3 бөлімі бойынша айыпталып отыр.