АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбе қаласында да нөсер жаңбыр жауып, көпқабатты үйде кәріз суы унитаз, ваннадан кері ақты. Ал орталықтағы Ағайында Жұбановтар көшесінде жол опырылып түсті.
Ақтөбе қаласында кеше нөсер жауын жауды. Қала тұрғынының айтуынша, Бөкенбай батыр 157 мекенжайында орналасқан «Авиатор» тұрғын үй кешенінде кәріз суы кері ақты.
«Жаңбыр кезінде кәріз жүйесінен ақау шығып, унитаздан, ваннадан кері ақты су. Үш сағат бойы еш көмек болмады», - деді қала тұрғыны Шыңғыс Бейсатов.
Сонымен бірге Ағайында Жұбановтар көшесінде жол опырылып түсіп, коммуналдық мекеме айналаға белгі қойып, жол бөлігін уақытша жапты.
Айта кетейік, нөсер жауын кезінде Алтын орда шағын ауданында да қатынас қиындады. Көліктер суда қалып, адамдар үйінен шыға алмады.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.