АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көпқабатты үйдің ауласынан жас келіншектің мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Ақтөбеде 26 жастағы келіншекке қатысты шақыру болды. Дәрігерлер сағат 10:19-да оқиға орнына барып, келіншектің өлімін ғана тіркеді. Ол жедел жәрдем барғанша жан тапсырған",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, оқиға Ақтөбе қаласының "Нұр Ақтөбе" ықшамауданында болды. Бұл оқыс оқиғаны қала тұрғындарының бірі әлеуметтік желіге жариялаған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.