Оқиға бүгін сағат 18:55-да тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Елек өзені бойында 15 жастағы бозбаланың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті.
«Сүңгуірлер жағадан 50 метр қашықтықта, 3 метр тереңдіктен 2006 жылы туған жасөспірімнің денесін шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша 15 жастағы жасөспірім рұқсат етілмеген жерге суға түскен. Жыл басынан бері қалада 8 адам суға кетті. Оның бесеуі кәмелет жасқа толмаған бала»,- деді қалалық ТЖБ бастығы Айбат Жаңабергенов.
Еске салсақ, өткен аптада Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Ақжар-1 ауылындағы көпір қасында 2 адам суға кетті. Оқиға орнына құтқарушылар жіберілді.
«19 және 20 жастағы азаматтардың денесін сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен шығарды. Алдын ала ақпарат бойынша олар рұқсат етілмеген жерге суға шомылған», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Мамыр-маусым айларында Ақтөбе облысында барлығы 10 адам суға батып кетті. Бәрі де рұқсаты жоқ жерге шомылғаны белгілі болып отыр.