АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 42 жастағы жаяу жүргінші көз жұмды. Оны Қиыл ауылы маңында көлік қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қиыл ауылы маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кеткені туралы хабарлама кезекше бөлімге түскен.
Батыс Қазақстан облысынан Қобдаға қарай «Самара-Шымкент» тасжолымен жүрген жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
«Жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айтып өтейік, шілде айында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркелді.
Оның ішінде екеуі қаза тапты, ал 9-ы жараланды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.