АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жедел жәрдеммен соқтығысқан жеңіл көлік аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеңіл көліктің рөлінде отырған әйелдің ішімдік ішкені анықталды.
Оқиға 25 тамыз күні сағат 23:00-де болды. Қаладағы Маресьев пен Пацаев көшелерінің қиылысында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты.
«Рено» көлігі Маресьев көшесімен келе жатып, бағдаршамға қарамай, өте шыққан. Сол кезде жедел жәрдеммен соқтығысты. Рөлде отырған әйел ішімдік ішкен. Қазір әкімшілік іс сотқа жіберілді«, - деді облыстық ПД департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.