Ақтөбе облысы аумағында жөнделіп жатқан теміржол вокзалдарының ішінде Шалқар станциясының ғимараты екіге бөлінген. Бір жақ бөлігі, яғни, ғимараттың 194 шаршы метрі 1997 жылы сатылып кеткен. Келісім ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Ақтөбе облыстық департаменті мен жеке кәсіпкер М.Бисенмен арада жүргізілген. 1998 жылы сату-сатып алу келісімшарты жасалды. 2022 жылы жеке кәсіпкер М.Бисен өз үлесін әйелі Б.Боранқұловаға сыйға тартты.
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Шалқар станциясындағы вокзал ғимараты жолаушылар ағынына сай қызмет көрсете алады. Яғни жекенің қолындағы бір бөлігін сатып алуға еш негіз жоқ. Жеке кәсіпкер вокзалдың жаңа қасбетіне сай жөндеу жүргізеді. Ол үшін Ақтөбе облысы әкімдігіне, Шалқар аудандық және қалалық әкімдігіне хат жолданды, - деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Шалқар ауданындағы вокзалдың бір бөлігі 30 жыл бұрын жекенің қолына өтіп кеткен. Жеке кәсіпкер Бибігүл Боранқұлова қайта сатуға дайын екенін айтты.