АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жел электр станциясының құрылысы Қарғалы ауданының Бадамша ауылына жақын жерде орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жел электр станциясының жоба құны 33 миллиард теңгені құрап отыр. Қаржының 90 пайызын «ENI» комипаниясы салды. Өзгесі «General Electric» компаниясына тиесілі.
«Қуаттылығы 48 МВт болатын жел электр станциясында қазір 300-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Олардың 100-і аудан тұрғыны. Барлығы 13 жел генераторы болады. Бәрі Ақтау арқылы Еуропадан жеткізілді», - деп хабарлады Қарғалы аудандық кәсіпкерлік бөлімі. Еске салсақ, жел электр станциясының құрылысы туралы Қазақстанның жаңартылатын энергетикасы қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбаев айтқан болатын.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.