Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» және «Пара алу» баптарымен іс қаралды. Іс материалына сүйенсек, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің аға офицері 2019 жылы серіктестік иесін пара беруге көндіріп, оның 60 миллион теңгесін иемденді. Ол бұл ақшаны алып, салық мен оның өсімпұлын төмендетуге келіскен. Сотталушы М-ның кінәсі жәбірленуші, куәгер және тергеу хаттамасы, сот сараптамасы мен жедел-тергеу жұмысы кезінде дәлелденді.
Сот М-ны 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары түзету мекемесінде өтейді. Өмір бойы мемлекеттік органда жұмыс істей алмайды. Қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленді», - деп хабарлады облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынының баспасөз қызметі.
Сот үкімі күшіне енген жоқ.