АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жеңіл көлік тепловозбен соқтығысты. Көлік жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«28 наурыз күні сағат 06:00-де «Ақтөбе - Орынбор» тасжолындағы теміржол өткелінде жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Нива Шевроле» автокөлігі тепловозбен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасында көлік жүргізушісі көз жұмды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ал жолаушы дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір осы оқиғаға қатысты соталды тергеу басталып, сараптама тағайындалды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.