Ақтөбеде жыл басынан бері пойызды 12 рет шұғыл тоқтатуға тура келді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Теміржол бойына адам мен мал шығып кеткен. Адамға да, мал иесіне де айыппұл салынды.

Фото: rail-news.kz

Жыл басынан бері Ақтөбе облысы аумағында теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткені үшін 860 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 559-бабы негізге алынды. Сонымен бірге пойызды 12 рет шұғыл тоқтатуға тура келді.

— Теміржол бойында адамдар, мал болған соң машинист пойызды шұғыл тоқтатқан. Бұл ереже. Бірақ машинист жақындаған кезде көрсе бірден тоқтай алмайтыны анық. Биыл барлығы 7 факті бойынша мал иелеріне 75 мың теңгеден астам айыппұл салынды, — деді Ақтөбе стансасындағы көліктегі полиция бөлімі.

Айта кетейік, Көлік министрлігі Бас көлік прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, жекеменшік тасымалдаушылар пойыздарына инспекциялық тексерулер жүргізді. Қарау нәтижесінде ішкі инвентарь жағдайы мен қызмет көрсету сапасына қатысты жекелеген заң бұзу анықталды