АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбелік оқушы бір күннен соң достарының жанынан, саябақтан табылды.
Мектеп оқушысы Аружан Орынбасарова кеше үйінен шығып кетіп, бүгін табылды.
Іздестіру жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де жұмылдырылды.
Ол достарының жанында болған.
— Полиция қызметкерлері оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Кейін отбасына табысталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, биыл облыс бойынша 11 жасөспірім жоғалып, табылды.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.