«Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері жоғалғандарды Ырғыз ауданының аумағынан көргенін айтып отыр. Олар Жезқазғанның Ұлытау аумағына қарай бет алған болуы мүмкін. Қазір жоғалғандарды ҚР ІІМ ТЖК «Авиаспас» тікұшағымен іздеу мәселесі шешіліп жатыр»,- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде жылқы іздеуге шыққан 6 адамның хабарсыз кеткенін жазған болатынбыз. Қазір полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
16:51, 10 Қыркүйек 2018
Ақтөбеде жоғалғандарды іздеуге тікұшақ жіберілуі мүмкін
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жоғалған 6 адамды іздеуге тікұшақ жіберу мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.