Полиция қаладағы бақылау камераларын да тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздеу жұмыстарын жан-жақты жүргізіп жатыр. Ақтөбе облыстық ІІД жеке құрамы Ерхан Тілеумбетовтің туған-туыстарымен бірге 41 разъезд маңындағы орман алқаптарын тексеруді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, Орск қаласынан Ақтөбеге дейінгі, Түркістан қаласынан Ақтөбе қаласына дейінгі тасжол бойындағы бейнекамералар бақылауға алынды. Жоғалып кеткен жігітпен байланыста болған адамдарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай , 31 жастағы Ерхан Тілеумбетов 3 тамыз күні жоғалып кетті. Оның анасы Райхан Есенаманов облыс әкімдігінен, прокуратурадан көмек сұрап, іздеу жұмыстарын жандандыруды өтінген болатын.