«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде 10 күн бұрын жоғалған Дирана Зарипова табылды. Оны іздеу жұмыстары кезінде полиция қызметкерлері бағыт-бағдар хабарламасын беріп, туыс-туғандарын, таныстарын аралап шықты. Келіншек бүгін Орталық базардан табылды, дені сау. Қазіргі кезде хабарсыз кету себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Динара Зарипованың сіңлісі Гүлмира Зарипова көмек көрсеткен адамдарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 32 жастағы әйел Динара Зарипова хабарсыз кетті. Туған-туыстары полицияға хабарласып, көмек сұрады.