АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Жүргізуші жолдағы ой-шұңқырға тоқтамай, рөлге ие бола алмай қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе-Орск» автожолының Қосестек ауылы маңында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Астық тасып жүрген «Маз» жүк көлінің 45 жастағы жүргізушісі ауданнан Ақтөбе қаласына қарай бет алған.
«Қозғалыс үшін кедергі мен қауіп туындаған кезде көлікті толық тоқтатпаған. Жылдамдықты төмендетпей, ой-шұңқырдан өтпек болды. Сол кезде рөлге ие бола алмай, аударылды» , - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.