АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жол-көлік апаты кезінде аман қалған екі мектеп директоры орталыққа жеткізіліп, біреуіне ота жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ойыл-Қобда жолында көлік аударылып, екі мектеп директоры көз жұмды. Олар №20 мектеп директоры Бағдат Үрімбаева және №33 мектеп директоры Альмира Орақова . Ал екеуі Ойыл аудандық ауруханасына жеткізілді.
«Санавиациямен облыс орталығына жеткізілген бір науқасқа ота жасалды. Оның жағдайы орташа ауыр. Қазір политравма бөлімшесінде емін жалғастырып жатыр. Кеше тағы бір науқас Жедел жәрдем ауруханасына санавиациямен жеткізілді. Ол жансақтау бөлімінде, ал жағдайы тұрақты ауыр», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.