АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жүк көлігі мен жеңіл машина соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе-Астрахань» тасжолында қайғылы оқиға тіркелді. 23 жастағы жүргізуші «Тойота-Ланд Крузер» автокөлігімен Қарауылкелді ауылынан Ноғайты ауылына шыққан. Жолда қарсы бағытқа шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысты.
"Жеке компанияға тиесілі жүк көлігімен соқтысқан кезде жеңіл көлікте болған 62 жастағы адам көз жұмды. Қазір тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.