АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолында жол апаты болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға бүгін тіркелді. Самара - Шымкент тасжолының 915 шақырымында 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Volkswagen Sharan» көлігімен соқтығысты.
Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша, жеңіл көліктің бір жолаушысы дене жарақатын алып, төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Полиция жол ережесін сақтауды қатаң ескертеді.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.