АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жеңіл және жүк көлігі соқтығысты. 25 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін сағат 11:30-да Ақтөбе қаласындағы К.Нокин даңғылы бойында «Volvo» маркалы автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетті. Салдарынан «Тойота Камри» көлігімен соқтығысты.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Тойота Камри» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі жедел медициналық жәрдем көлігінде көз жұмды. Сол көліктің 27 жастағы жолаушысы жансақтау бөлімінде жатыр. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.