Ақтөбеде жол салынбай тұрып, қаржы бөлген шенеуніктерге қылмыстық іс қозғалды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Шалқар қаласындағы төрт көшені жөндеу кезінде шенеуніктер қателік жіберген. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныңоблыстық департаменті Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен Шалқар ауданы әкімдігініңбірнеше қызметкеріне қатысты істі тергеп жатыр. Қылмыстық кодекстің «Сеніптапсырған бөтен мүлікті иемденіп алунемесе талан-таражға салу» бабымен іс қозғалды.


«2018 жылы Шалқар қаласының Тұңғатаров, Боранбайұлы, Бостандық және Қарағұлкөшелерінің жолын жөндемей тұрып, жұмыстарды қабылдап, мемлекеттің 29 миллионтеңгесін аударып жіберген. Бұл деректі облыстық тексеру комиссиясы анықтады.Қазір сот-экономикалық сараптама тағайындалды. Іске қатысты адамдардан жауап алынып жатыр», - деді Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының ағапрокуроры Жәнібек Төребеков.