Оқиға 31 қаңтар күні сағат 18:20 шамасында тіркелді.
Ақтөбе-Атырау тасжолымен қозғалған «Toyota Corolla» автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі Қарауылкелді ауылына жақын жерде жол жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде жылдамдықты төмендетпей, аударылып кеткен.
«Жолдың осы бөлігінде жөндеу жұмыстары жүргізілді және белгілер мен қоршаулар қойылды. Бірақ жүргізуші мұны ескермеген. Жол апаты салдарынан «Toyota Corolla» автокөлігінің екі жолаушысы Байғанин ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерге жолда абай болуды сұрайды. Жылдамдықты шамадан тыс асырмаңыз, маневрлерден аулақ болыңыз, ешқандай жағдайда қарсы қозғалыс жолағына шықпаңыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.