АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде қоғамдық көлік ішінде айғай-шу болып, жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбеде №29 бағыттағы автобуста қайғылы жағдай тіркелді. Автобус ішінде айғай-шу болып, бір адам қаза тапты.
«Бүгін автобуста қайғылы жағдай тіркелді. Автобус аялдамада тұрған кезде ішіндегі жолаушылар өзара кикілжің шығарып, жасы үлкен адамның жағдайы нашарлап кеткен. Ол «мазамды алмай, шығыңдар» деп ескерткен екен. Сол аралықта жағдайы нашарлаған, есінен танып қалды. Дереу жедел жәрдем шақырылғанымен, ешкім көмектесе алмады. Жолаушы сол жерде көз жұмды. Полиция қызметкерлері де келді», - деді «Автопарк» ЖШС-ның заңгері Руслан Жылқаманов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.