АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Самара - Шымкент тасжолында Өзбекстан азаматтары мінген автобус бұзылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Самара - Шымкент тасжолының Хромтау ауданы маңында «Сетра» маркалы автобусы бұзылып қалды. Барлығы 53 жолаушысы бар.
«Автобус Сарығаштан Ресейдің Краснодар қаласына бағыт алған. Жолаушылардың бесеуі әйел. Төтенше жағдайлар қызметі көмек көрсетіп, оларды »Аманат« кемпингіне жеткізді. Оларға өрт қауіпсіздігі ережесі түсіндірілді. Қазіргі уақытта жүргізушілер автобусты жөндеп жатыр. Ал жолаушылар үшін Ақтөбе қаласынан арнайы автобус жіберілді», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.