Ақтөбеде жолда қалған көліктегі адамдарға ыстық тамақ пен сусын таратылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақпан ақтүтек боранымен бірге келді. ҚазАвтоЖол қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп, жолды қардан тазалап қана қоймай, Ақтөбе облысындағы «Самара-Шымкент» автожолында қалған қоғамдық және жүк көлігі жүргізушілері мен жолаушыларына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. 

Фото: видеодан алынған кадр

Шектеу қойылған аумақта 7 қоғамдық көліктің 60 жолаушысын азық-түлік, ыстық тамақ, сусынмен қамтамасыз етті.

Одан бөлек, аталмыш жолдың 1153-шақырымында шектеу қойылған постта тұрған 200 адамға ас әзірлеп таратты.

Сондай-ақ, республикалық маңызы бар Ақтөбе солтүстік айналма жолының 17-шақырымында жолда қалып қойған көрші ел азаматтарына да көмек көрсетіліп, жанармаймен қамтамасыз етті.